
5 қарашада Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған “” республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Бұл конференцияға “Көгілдір желкен” балабақшасының меңгерушісі Тауышова Толайым Шаяхметовна қатысты. Конференция барысында мектепке дейінгі мекемелердің басшылары №125 қалалық балабақшаның жобалық студиясының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Сол іс-шарада инновациялық тәсілдер мен әдістемелік әзірлемелер ұсынылды. Әріптестер “Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту” тақырыбы бойынша құнды тәжірибелерімен бөлісті. Бұл конференция білім мен шабыт алмасу алаңына айналды! Барлық қатысушылар балаларды тәрбиелеу процесінде балабақша мен отбасы арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Алматы қ. Панфилов к 52. «Көгілдір желкен»