«Көк желкен – Көк желкен» білім беру мекемелерінің желісі

Қаланы таңдаңыз:

  • Астана
  • Алматы
  • Атырау
  • Щучинск

«Көгілдір желкен» зияткерлік балабақшасы

Біз туралы
Толығырақ
Жұмыс уақыты

Зияткерлік балабақша – бұл кіріктірілген білім беру жүйесі, пәнаралық орта, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту, әр балаға жеке тәсіл, жобалық-эксперименттік іс-әрекет, тілді сапалы оқытуға арналған тілдік орта, балабақша-гимназияда педагогикалық үдерісті мерзімді жоспарлау және ұйымдастыруға арналған кешенді тәсіл.


Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/init.kz/bluesail.kz/wp-content/themes/init/single-branches.php on line 147

Зияткерлік балабақша 1998 жылдан бері жұмыс істейді және балабақшаның
біртұтас білім беру жүйесі – Астана қаласындағы «Көгілдір желкен»
гимназиясының құрамына кіреді.
Балабақша бес күндік жұмыс аптасында сағат 7.30-дан 18.00-ге дейін жұмыс
істейді.
3 жастан 6 жасқа дейінгі жас топтарында 25 балаға дейін, 1,5 жастан бастап, ерте
даму топтарында 15 балаға дейін қамтылады.
Мектепалды даярлық топтары гимназияға бейім топтар мәртебесіне ие.
2010 жылдан бері мемлекеттік тапсырысты орындап, мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік аясында жұмыс істеп келеді.
Ата-аналардың әлеуметтік тапсырысы бойынша, кешкі кезекші топ сағат
18.00 -дан 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Оқу қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Зияткерлік балабақша – бұл кіріктірілген білім беру жүйесі, пәнаралық орта, жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту, әр балаға жеке тәсіл, жобалық-
эксперименттік іс-әрекет, тілді сапалы оқытуға арналған тілдік орта, балабақша-
гимназияда педагогикалық үдерісті мерзімді жоспарлау және ұйымдастыруға
арналған кешенді тәсіл.
Біздің артықшылықтарымыз: жоғары білікті оқытушылар мен қызметкерлер
ұжымы, кең жайлы топ бөлмелері, жоғары сапалы ойын және оқу материалдары,
оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған интерактивті және спорттық жабдықтар,
салауатты психологиялық микроклимат, режимдік сәттерге арналған
қызметтердің кең спектрі, қосымша білім беру қызметтері, демалыс және бос
уақыттың ұйымдастырылуы. Балабақшаны жеке күзет мекемесінің қызметкерлері
күзетеді, өрт дабылы орнатылды, ғимаратта және аумақтың периметрі бойынша
бейнебақылау орнатылды, кіру бақылауы жұмыс істейді. Балабақша аумағында
жасыл желектер, ойын алаңдары, спорттық және ойын құрылымдары бар. Ата-
аналар көлік қызметін пайдалана алады.

Материалдық-техникалық және медициналық-әлеуметтік жағдайлар
(педиатрдың, медбикенің, логопедтің, педагог-психологтың жұмысы), маусымдық
тағамдары бар дәмді теңдестірілген 5 мезгіл тамақтану, серуендеуге арналған өз
аумағы, тәулік бойы күзет қауіпсіздік пен денсаулықты нығайтудың жоғары
деңгейі балалардың сауығуы және үйлесімді физикалық дамуын қамтамасыз
етеді.
Оқу іс-шараларын жүзеге асыру үшін, музыкалық және спорт залдары, жылы
бассейн, балалар тренажерлары, логопед және педагог-психолог кабинеттері,
сенсорлық бұрыштар, балалар кітапханасы, балалар кафесі пайдаланылады.
Пәндік-дамытушы орта білім беру салаларын біріктіру принципі негізінде
ұйымдастырылған және оқыту мен тәрбиелеудегі біркелкі көзқарастарды сақтай
отырып, бала тұлғасының үйлесімді дамуының негізі болып табылады. Әрбір
топта құрылған пәндік-дамытушы ортаның басты артықшылығы – оқу
қызметінің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, оның құрамдас бөліктерін
көп функционалды пайдалану мүмкіндігі.

Зияткерлік балабақшада дамыта оқыту технологиялары, денсаулық сақтау,
ақпараттық-коммуникациялық және тұлғаға бағытталған технологиялар, жобалау
және зерттеу технологиялары қолданылады.
Жаңа буын бағдарламалары мен авторлық әзірлемелерді жүзеге асыру мектеп
жасына дейінгі балалардың зияткерлік-танымдық дамуы үшін келесі бағыттар
бойынша жұмыс істейді: сөйлеуді дамыту, математика, танымдық үдерістер,
қабілеттер. Біздің тәрбиеленушілеріміз үшін конструктивті және логикалық
ойлауды дамытуға, лего конструкциясы мен оқу робототехникасы арқылы жаңа
дағдылар мен машықтарды меңгеруге қажетті жағдайлар жасалған. Балаларды
оқыту баланың субъективті позициясын және оның дербестігі мен
шығармашылығының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін қызықты проблемалық
ойын ретінде құрастырылған.
Балабақшада тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуы ғылыми-зерттеу шағын
зертханалары, шығармашылық шеберханалары (қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде музыка, вокал, театр және қуыршақ театрлары, бейнелеу өнері,
хореография, логоритм), спорт (дене тәрбиесі, жүзу, құрғақ хауызда жүзу)
арқылы жүзеге асырылады).

Балабақша қосымша қызметтердің кең спектрін ұсынады: ағылшын тілін ерте
үйрену, ақпараттанудың пропедевтикалық курсы, үйірме қызметі, логопед және
педагог-психолог қызметтері, ата-аналарға медициналық қызметкерлер мен
мамандардың кеңестері. Біздің оқушылар жобалық және ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен айналыса отырып, жобаларды сәтті қорғайды. Олар мектепке
дейінгі білі беру олимпиадаларының, халықаралық, республикалық, қалалық
байқаулардың жеңімпаздары.

Балабақшаның табысты жұмысының маңызды факторларының бірі отбасымен екі
жақты қарым-қатынас болып табылады: балабақша мен отбасы арасында
серіктестік орнату, ата-ананы шығармашылық үдеріске тарту, өз баласына
қатысты құзыретті педагогикалық ұстанымды қалыптастыру және
психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асыру. Бүгінгі таңда
балабақшамыздың базасында педагогикалық ұжым жоғары деңгейде сапалы білім
беруге қабілетті мектепке дейінгі мекеменің үлгісі құрылды деп сеніммен айта
аламыз.

Дүйсенбі
7.30 до 18.00
Сейсенбі
7.30 до 18.00
Сәрсенбі
7.30 до 18.00
Бейсенбі
7.30 до 18.00
Жұма
7.30 до 18.00
Сенбі
Демалыс күні
Жексенбі
Демалыс күні

В данном разделе помещаются наградные материалы педагогов и  воспитанников детского сада, принявших участие в интеллектуальных и творческих конкурсах  различного уровня. Это дипломы, грамоты,  сертификаты.


Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/init.kz/bluesail.kz/wp-content/themes/init/single-branches.php on line 186

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/init.kz/bluesail.kz/wp-content/themes/init/single-branches.php on line 198

Біздің артықшылығымыз

  • Мектепке дейінгі білім берудегі табысты қызмет.
  • «Көгілдір желкен» балабақшасы – гимназия кешенінің бірыңғай білім беру жүйесіне енгізілген.
  • Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ағылшын тілін ерте үйрену.
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады.
  • Балабақшаның әдемі аумағы, жасыл алаңдары, ойын алаңдары, спорттық және ойын құрылымдары бар.
  • Кең жайлы топ бөлмелері, жоғары сапалы ойын және оқу материалдары, музыка және спорт залдары, жылы жүзу бассейні, балалар тренажерлары, логопед және педагог-психолог кабинеттері, балалар кітапханасы, интерактивті жабдықтар, балалар кафесі.
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының сабақтастығы.
  • Мектепалды даярлық топтары гимназияға бейім топтар мәртебесіне ие.
  • Әрбір баланы оқытуға икемді жеке тәсілдер.
  • Жоғары білікті мұғалімдер ұжымы.
  • Қосымша білім беру қызметтері.
  • Салауатты психологиялық микроклимат, демалыс және бос уақытты ұйымдастыру
  • Педиатрдың, медбикенің, логопедтің, педагог-психологтың қызметтері.
  • Теңгерімді маусымдық тағам.
  • Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі.
  • Ата-аналардың өтініші бойынша автокөлік қызметтері.

Галерея