1 СЫНЫПТАР |
Біріншісыныпқа алты жастан бастап және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады.
1-сыныпқа қабылдаукезінде, баланың оқуға дайындығын анықтау үшін әңгімелесуден өтеді. |
2-11 СЫНЫПТАР |
2-9-сыныптарда оқушылар жеке іс қағаздары және үлгерім табельдері бойынша қабылданады.
10-11 сыныптарда – мемлекеттік үлгідегі негізгі орта білім туралы аттестат (түпнұсқа) негізінде қабылданады. Әр баламен сұхбат жүргізіледі. |
МЕКТЕПКЕ ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТ:
Білім беру жәнеқосымша қызметтерді көрсетуге шарт жасасу
КЕЛІСІМ-ШАРТ-қа қол қою үшін, келесі мекенжайлар бойынша мектеп/гимназия әкімшілігіне хабарласу қажет:
- Астана қаласы, Абылайхан даңғылы, 28/1
- Алматы, Панфилов көшесі, 52
- Алматы, Гёте, 396 а
Қабылдау күндері: дүйсенбі- жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Байланыс мәліметтері және карта біздің веб-сайтта қолжетімді.
- Ұсынылатын құжаттар:
- Оқушының алдыңғы мектептен (2-11 сыныптар) кетуі туралы талоны.
- Ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің белгіленген үлгідегі өтініші;
- Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- ЖСН көрсетілгенбаланың туу туралы куәлігі (1-сынып)
- Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№065/у және N№026/у-3 формалары);
- Баланың 3х4 см 2 дана көлеміндегіфотосуреттері;
Тағамдық аллергиясы бар, асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар балалар санаты үшін аллергологтың, педиатрдың немесе гастроэнтерологтың ұсыныстарын беру ұсынылады.