«Көгілдір желкен» білім беру мекемесінің бөлімшелерінде оқыту мен тәрбиелеу ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу деңгейлері бойынша сараланған мектеп/гимназиядағы төлем жүйесі:
- бастауыщ білім;
- негізгі орта білім;
- орта жалпы білім беру.
Оқушыларды қабылдау кезінде бір жолғы кіру жарнасы төленеді.
Төлем мерзімі:
- 1 жартыжылдықта ағымдағы оқужылының 01 қыркүйегіне дейін;
- 2 жартыжылдықта ағымдағы оқу жылының 25 желтоқсанына дейін.
Оқу жылы ішінде төлем тұрақты. Жазғы демалыс ақысы төленбейді.
Мектептер/гимназиялардағы оқу ақысына не кіреді?
Оқу іс-әрекеті: әр сыныптың оқу жоспарындағы пәндер бойынша сабақтар; мектеп пәндері бойынша факультативтік сабақтар, оқушылардың таңдауы бойынша қолданбалы курстар; бейіндік білім беру пәндері; оқу жоспарындағы кез келген мәселе бойынша мұғалімдердің кеңестері.
Интеллектуалдық белсенділік: зерттеушілік әрекет; жобалық қызмет; олимпиадалық қозғалыс; тілдік тәжірибе және курстық жұмыстар; ғылыми конференциялар.
Шығармашылық және спорттық қызмет: үйірмелер, студиялар, клубтық бірлестіктер, спорт секциялары.
Тәрбие жұмысы:«Көк желкен»мектептебінің дәстүрлі мерекелері, іс-шаралары; патриоттық, адамгершілік, құқықтық және эстетикалық бағыттағы сыныптан тысж ұмыстар; кәсіптікбағдар беру бойынша сыныптан тыс жұмыстар.
Медициналық-психологиялық қызмет және тамақтану: оқу үдерісін медициналық-психологиялық қамтамасыз ету; денсаулық сақтау қызметкерлерінің профилактикалық және ағарту жұмыстары; күніне үш мезгіл дұрыс тамақтану.
Қосымша ақылы қызметтер бар:
- автокөлік
- музыкалық студия;
- логопедпен, психологпен қосымша жеке сабақтар.
«Көгілдір желкен» балабақшалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысып, қосымша ақылы қызметтерді ұсынады.
Ата-аналар қосымша ақылы қызметтердің тізімімен бала балабақшаға келген кезде танысады.
Балаларды балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу үшін ата-аналар ай сайынғы аванстық төлемді өткен айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.