«Көгілдір желкен» мектепке дейінгі академиясына балаларды қабылдау ережесі
«Көгілдір желкен» мектепке дейінгі академиясына балаларды қабылдау ережелері
Балаларды қабылдау ережелері
Мектепке дейінгі білім беру академиясына 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар
қабылданады. Әр баламен сұхбат жүргізіледі.
1.Білім беру және қосымша қызметтерді көрсетуге шарт жасалады.
- Ұсынылатын құжаттар:
- баланың ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
- ЖСН көрсетілген баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- егу паспорты – Ф-063/у формасындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
- баланың денсаулығы туралы анықтама;
- екі дана көлемінде 3 х 4 фотосурет.
Қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 16.30-ға дейін,
Жексенбі күні сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін.