Әлемде ерекше адамдар бар, олар өз жүрек жалынын сыйлауға дайын, жақсы іске шабыттандырады. Олар жасөспірімге кәсіп таңдауына, өмірде өз орнын табуына көмектеседі. «Голубой парус» гимназия мұғалімдерінің жүректері мектепке, оқушыларға деген махаббатқа толы. «Голубой парус» гимназия өз дәстүрлерімен және педагогикалық рухымен, оптимизммен, шығармашылықпен ерекше. Қазанның бірінші демалыс қарсанында гимназия тірбиеленушілері ұстаздарды қуанта білді. Таңғы сәлем ретінде балалар әр педагогты құттықтау сөзімен, жылы лебізбен және алғыс сөздерімен қарсы алды. Сол күні мұғалімдер өз оқушыларынан гүл шоғын, ашық хаттарын қабылдап алды. «Ұстаз күні» мерекесінің кульминациясы – салтанатты концерт. Балалар концерттік нөмерлерді эмоционалды күймен орындады және де мұғалімдерге өз махаббаттарын көрсете білді. Мектеп оқушылары мен ата-аналары гимназия педагогтеріне зор денсаулық, әл-қуат, шынайы ізденіс және ізденімпаз балалар болуын тілейді!
«Голубой парус» балабақша – гимназия білім беру кешені
Астана қ