2022 жылы қазанның 4 –нен бастап Астанада ТМД елдері педагогтар мен білім беру қызметкерлерінің 7- съезі өз жұмысын бастады. Осы жылы оның басты тақырыптары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру саласының сұрақтары жаңа шындықта және постпандемиялық кезеңінде білім беру жүйесінің трансформациясы. Съез жұмысына Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдер мұғалімдері, тәрбиешілері, білім басқармасының басшылары, білім беру мекемелерінің өкілдері және ТМД атқару комитеті.
Съез бағдарламасы іс-шараларға толы: әртүрлі бағыт бойынша 9 тақырыптық секция, диалог алаңдары жұмыс жасайды , педагогикалық шеберліктің ІІ Фестивалі ашылды. Секциялар мен диалог алаңдарында білім беру мазмұны, бағалау, цифрлық трансформация, цифровизация заманында оқу сауаттылығы, инклюзия, оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиесі, жас мамандар дайындау, ата-аналар қоғамымен қарым-қатынас жасау сұрақтары бойынша профессионалды дискуссиялар өтеді.
Ұстаздар мен білім беру қызметкерлердің 7- съез жұмысына «Blue sail – Голубой парус» білім беру кешенінің бас директоры Ескараева Марина Михайловна қатысуда. «Голубой парус» ББМ балабақша мен бастауыш білім бағдарламасы бойынша сабақтастық принципін іске асыру, нарықтың жаңа талаптарына сай жалпы орта білім мен профилді оқыту интеграция моделін әзірлеу, педагогикалық білімнің мазмұны мен технологияларын жаңарту, оқытушыларды негізгі дағдылар мен компетенциялармен қамтамасыз ету, оларға педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік-бағыттық қолдау жасау, қосымша білім беру арқылы жан-жақты дамыту, ата-аналар қоғамымен қарым-қатынас жасау. Біз ашық жүйеміз және көпжылдық тәжірибеміз арқылы білім беру мекемелермен бұл бағыттар бойынша паритеттік достатыққа дайынбыз.
Съез жұмысы Тәуелсіз Елдер Достастығы білім беру саласында ынтымақтастық Резолюциясын қабылдауымен аяқталады. Бұл Резолюцияда ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа идеялар мен инициативалар ұсынылған.
Астана-Алматы қ. «Голубой парус» ББМ