«Көгілдір желкен» музыкалық студиясы оқушыларының шығармашылық сапарларының географиясы кеңейіп келеді. Осы жазда бір топ оқушыларға «Golden Fleece»халықаралық байқау – фестиваліне қатысу бақыты бұйырды. .
Біздің сайыскерлер сәтті ғана емес, керемет өнер көрсетті! Жас жеңімпаздармен
танысыңыздар:
*вокалдық жанрда:
– Бабиева Дария (5 жас) – соло 2 орын, дуэт 1 орын;
– Қуаныш Гаухар (6 жас) – соло 3 орын, дуэт 1 орын;
* аспаптық жанрда:
– Алыханова Жансая (6 жас) – соло 3 орын;
– Алыханова Данель (8 жас) – соло 2 орын;
– Бурлакова Даша (9лет) – дуэт 3 орын, дуэт 1 орын;
– Амангельдина Линара (10 жас) – дуэт 3 орын, дуэт 1 орын;
– Абубакирова Лаура (10 жыл) – соло 2 орын, дуэт 1 орын.
Қатысушыларды, педагогтарымызды Семашенкова Светлана Васильевна және Ким Ольга Юрьевнаны жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз! Аналарға, әкелерге, ата-әжелерге қолдау көрсеткендері, жанашыр жүректері, сахналық костюмдерді дайындаған үшін, әр сайыскердің қойылымдары кезінде
қол шапалақтап, қошемет көрсеткендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Байқау-фестиваль ұйымдастырушылары қатысушыларға тамаша экскурсиялық бағдарлама дайындады. Балалар Махунцеви сарқырамасы мен Тамара патшайымының көпіріне, Пиация алаңына, дендрологиялық баққа, музыкалық
саябаққа, Уреки жанартау құмдарына, Дисней-ленд жеріне барды. Бәрі риза болып, қуанды! Кемеде Батуми арқылы кешкі серуеннен ұмытылмас әсер қалды.
Грузия біздің балаларымыз үшін керемет қонақжай ел ретінде есте қалады!
Сапардың нәтижесі-балалардың марапаттары ғана емес, сонымен қатар 2024 жылы байқауға ресми шақыру!
Астана қ. «Көгілдір желкен» гимназиясының музыкалық студиясы