Наурыз бүкілхалықтық мерекесі ежелгі әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, біздің заманымызға үйлесімді түрде сай келді. Халық қазынасы бізге ұрпағымыз қастерлейтін салт-дәстүрлерді сыйлады. Биыл Наурыз мейрамы елімізде 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Онкүндік «Наурызнама»деп аталды. Онкүндіктің әр күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Алматы, Астана, Атырау және Щучинск қалаларындағы балабақшаларда, мектептер мен гимназияларда қайырымдылықтан бастап мәдени іс-шаралар мен ұлттық дәстүрлерге дейінгі қоғам өмірінің барлық салаларын көрсететін іс-шаралар дайындалып, өткізілді. «Наурызнаманың» онкүндігінің басты атрибуттары ұлттық киімдер, балалардың мейірімді күлкілері, олардың көздеріндегі қуаныш болды, бұл салтанат пен тамаша көңіл-күй атмосферасын қалыптастырды.
«Көгілдір желкен» Білім беру ұйымдар желісінің бас директоры Есқараева Марина Михайловна және біздің бөлімшелеріміздің педагогикалық ұжымдары тәрбиеленушілер мен ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтайды. Баршаңызға жақсылық, бақыт, амандық пен өркендеу тілейміз!
Астана қ., Алматы қ., Атырау қ, Щучинск қ .
«Көгілдір желкен» Білім беру мекемелері