2024 жылдың 24 мамырында біздің «Көгілдір желкен» гимназиясында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау мерекесі өтті. Бірінші сабақта 5-11 сыныптарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Сынып сағат Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың еліміздің оқушыларына Жолдауынан басталды. Түлектерден басқа балалар демалысқа кетеді, ал түлектер үлкен өмірде өз орнын табу мәселесін шешуге кіріседі. Мектеп әуендерімен оқушылар акт залында өз орындара сап түзеп тұрды. Олардың назарын бақытты балалық шақ планетасы туралы диалог жүргізетін және 9 мен 11 сынып түлектерін акт залына шақыратын Кішкентай ханзада мен ақылды Түлкі аударды. Бас директор Ескараева Марина Михайловна оқушыларды, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, емтихандарды сәтті тапсыруларын тіледі. Ол оқушыларға, балабақша тәрбиеленушілеріне , педагогикалық ұжымдар мен ата-аналарға «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Түлектерді бірінші сынып оқушылары көңілді флешмобпен, музыкалық студия хоры «Выбирай!» әнімен қарсы алды. Мереке соңында түлектер мектеп вальсін орындады. Міне, мерекенің шарықтау шегі келді. Марина Михайловна және түлектер соңғы қоңырауды бірге соқты. Қоңыраудың үні оқу жылының аяқталуы, жаңа өмір жолының басталуы туралы хабардар етті.