2024 жылғы 13-23 мамыр аралығында «Көгілдір желкен» білім беру мекемесі барлық бөлімшелерінде су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның бастамашылары Алматыдағы «Көгілдір желкен» мектебінің оқушылары. Олар бірігіп, балаларға көмек жинауды ұйымдастыруға шақырды. Қайырымдылық акциясын желкеннің барлық бөлімшелерінің тәрбиеленушілері қолдады. Балаларға педагогтар, қызметкерлер, ата-аналарымыз қосылды. Әр бөлімшеде гигиена құралдарын, киім-кешек, аяқ киім, тамақ, кеңсе тауарлары мен ойыншықтарды жинау пункті ұйымдастырылды. 27-31 мамыр аралығында Атырау, Астана, Алматы қалаларындағы волонтерлік орталықтарына жинақталған заттар жіберілді. Игі іс – шараларға қатысу-жас ұрпақтың мұқтаж жандарға көмек көрсетуге деген ұмтылысының тамаша үлгісі. Өйткені, жақсылық – адамгершіліктен, ал адамгершілік – мейірімділік пен жанашырлықтан бөлінбейді. Қазақстан – әрқашан кез келген жағдайда қолғабыс жасауға дайын республика. Біздің жүрегімізден жіберілген рухани жылулық мұқтаж балалардың қиын жағдайын жеңілдетеді деп сенеміз. «Көгілдір желкен» білім беру мекемесінің бас директоры Ескараева Марина Михайловна барлық бөлімшелерінің педагогикалық ұжымдар мен тәрбиеленушілерге, қызметкерлерге жоғары сынып оқушыларының үндеуіне жауап берген және қайырымдылық акциясында бізді қолдаған ата-аналарға үлкен және шынайы алғыс білдіреді!