РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕКЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ II ФОРУМЫ
2023 жылғы 25-26 желтоқсанда Астана қаласында «Ұлттық USTAZ» Білім беруді трансформация көшбасшылары» Қазақстан Республикасы Жеке білім беру
ұйымдарының республикалық қауымдастығының 2-ші жыл сайынғы форумы өтті. Оған Қазақстанның барлық аймақтарынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, Қазақстанның жетекші мектептері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Форумда 300-ден астам білім беру көшбасшылары Қазақстандағы білім беру ұйымының жаңа үлгілерін енгізу, білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялау мәселелері, команда мен адамдарды басқару, білім беру бағдарламаларының реинжинирингі, топ-менеджерлердің өмірлік дизайны, мансаптық кәсіби өсу мәселелерімен бөлісті.
Форумға «Көгілдір желкен» білім беру мекемелері желісінің бас директоры Марина Михайловна Есқараева қатысты. «Көгілдір желкен» білім беру саласында мол ұстаздық тәжірибе жинақтады. Біз балаларымызға сапалы білім берудің жоғары деңгейіне бағытталған прогрессивті технологиялар мен оқыту форматтарын жақтаймыз.
«Көгілдір желкен» білім беру мекемесі