25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Республика күніне арналған мемлекеттік мереке қарсаңында «Көгілдір желкен» гимназиясында барлық сыныптарда «Қазақстан менің жүрегімде»атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Оқушылар республикамыздың қалыптасуы мен дамуы, оның символикасы, тарихи кеезеңдері туралы білімдерін кеңейтті.
Іс-шаралар өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Қазақстан-терең тарихы, бай мәдениеті мен рухани құндылықтары бар ұлы және қуатты ел. Біз бәріміз өз Отанымызды жақсы көреміз және оның мүдделерін құрметтейміз.
Астана қ. «Көгілдір желкен» гимназиясы