Мемлекеттік мереке қарсаңында «Көгілдір желкен» мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Оқушылар республикамыздың қалыптасуы мен дамуы, рәміздері туралы, еліміздің тарихы туралы білімдерін кеңейтті.
Қазақстан үшін 25 қазан – республика тарихындағы ең ұлы даталардың бірі. 1990 жылдың осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қазіргі Қазақстан – ұлы тарихы, бай мәдениеті мен рухани құндылықтары бар қуатты мемлекет. Біз өз Отанымызды сүйеміз, оның мүддесін құрметтейміз.
Алматы қ. «Көгілдір желкен» мектебінің білім беру кешені.