2003 жылдың 14-17 тамыз аралығында Мәскеудегі өткен ұлттық көрмеде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесіндегі алғашқы жеке коммерциялық емес құрылым «Голубой парус» білім беру мекемесінің Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің тұсаукесері өтті. 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылын өткізу туралы шешім 2002 жылы 19 желтоқсанда Мәскеуде өткен екі ел басшыларының кездесуінде қабылданды. Қазақстанның Ресейдегі жылының бағдарламасы Н.Ә. Назарбаевтың атап өткендей, ресейлік-қазақстандық қарым- қатынастарды одан әрі дамыту, екіжақты байланыстарды кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда. Мәскеуде 2003 жылғы 14-17 тамыз аралығында Қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Бүкілресейлік көрме орталығында Ұлттық көрме өтті. Ұлттық көрме ресейлік мұғалімдерге де жағымды әсер қалдырды. Мұнда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің экспозициясы ұсынылды. «Голубой парусқа» Қазақстандағы алғашқы жеке коммерциялық емес құрылым ретінде республикамыздың жалпы орта білім беру жүйесін: «Болашақ мектеп» моделін, 12-жылдық оқытуға көшудің алғашқы қадамдарын, «Балабақша-мектеп-ЖОО» сабақтастығын, информатика мен шетел тілдерді ертеден бастап оқыту, білім жүйесін ақпараттандыруды көрсету сәті түскен. Біз авторлық оқу-әдістемелік құралдарды және оқу бағдарламаларды, мультимедиялық оқу құралдарын ұсындық.
Бас директор Ескараева Марина Михайловнаның басшылығымен 6 адамнан тұратын делегациямыз Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бізге жүктеген міндетті абыроймен атқарды. Қазақстан Республикасы Министрлігінің жалпы және орта білім департаментінің басшысы Битуова Ділдаш атап өткендей, «Голубой парус» білім беру мекемесі тамаша экспозиция ұсынды.