2017 жылдың 28 қарашасында астанамыздың Оқушылар сарайының үлкен залында сағат 15.00-де Астана мен Алматы қалаларының «Голубой парус» білім беру мекемелері «IQ» жасөспірімдер клубының зияткерлік турнирі өтті. Залда қонақтар, ата-аналар «Голубой парус» тәрбиеленушілер турнирді асыға күтуде. Әділ қазылар алқасын басқарған Қазақстан
Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Балиева Зағипа Яхианқызы. Сахна артында отырған командалар мен колдау топтары қобалжып, бұл толқу көрермендерге де жетті.
Сахнада шамдар жанып, фанфарлар естілді, турнир жүргізушілері бас директор Ескараева Марина Михайловна, гимназия тәрбиеленушілері Жаламанова Дарина, Темирбеков Арсен, Ахметжан Әділбек турнирдің басталғанын жариялады. Екі сағатқа созылған шара тез өтіп, сахнада өтіп жатқан қызықты байқаулар мен театрландырылған қойылымдармен көпшілікті тәнті етті: рыцарьлер дуэлі, командалардың сәлемдемесі, қала визиткасы, блиц-турнирі, зияткерлік жарыс, спорттық жарыс, «Ал Сізде не?» ақындар жарысы, «Сап түзу байқауы», «Өз –өзіне режиссер», «Креативті ланч», «Кішкентай және сүйкімді болудан шаршадым» колдау тобының нөмері, «Ромео мен Джульетта» би байқауы. Қазылар алқасы оқушылардың қазақ және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендерін, қатысушылардың жауаптарының түпнұсқалығы, олардың ұшқыр ойлары, стандартты емес ойлау, шығармашылықтары, көркемдіктерін атап өтті.
Сап түзу байқауына ерекше көңіл бөлінген: экипировка, салтанатты шеруге қатысу, сап түзу әнін орындау,автоматты жылдам жинауды байқау. Бұл байқауды бағалаған Ішкі істер министрлігінің ардагері, мемлекеттік наградалар иесі, тыл ардагері Гареев Инсаф Шарафеевич. Командаларға қолдау жасауға «Окен Арт» мюзикл мектебінің балалары және Еуразиялық Университеті коллеждінің студенттері келген. Бұл турнирде «ДОСТЫҚ жеңді! Әр командаға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.