2018 жылғы қазанның 18-де астанада дербес білім беру ұйымы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» 10-жылдығына арналған «Жаңа ұрпақ мектебі» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Елдегі басты білім форумдарының біріне рекордтық делегат саны қатысты – 20-дан артық елден 2000 қатысушылар болды. Ең ірі делегацияларды Қарағанды облысы мен Астана қаласы ұсынды. Конференция жұмысына бас директор Марина Михайловна Ескараеваның басқаруымен «Көгілдір желкен» білім беру кешеннің педагогтары қатысты. Марина Михайловна балабақша-мектеп сабақтастығы, оқытудың инновациялық әдістері және технологиялары, инклюзивті білім беру сұрақтары бойынша «Көгілдір желкен» білім беру кешенінің тәжірибесімен бөлісті.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ББАҰ-ның басқарма төрағасы Күләш Шамшидинова қатысты.
Дәстүр бойынша конференцияда әлемге әйгілі ғалымдар, эксперттер, педагогтар сөз сөйледі. Негізгі баяндамашылардың қатарында – Кембридж Университеті білім факультетінің деканы Сьюзан Робертсон, Лондондағы Білім институтының Университеттік колледжінің құрметті профессоры, «күшті білім» теориясының авторы Майкл Янг, Гонконг университеті білім беру саясаты департаменттің директоры Кай-Минг Ченг, инновациялар мен сыртқы байланыс бойынша EduCluster Finland Дэвид Марш, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Томас Хсу және білім саласындағы ғалымдар мен топ-менеджерлер.
Негізгі тақырыптар арасында – жаңа уақыт сын-қатерлері мен білім беру жүйесіндегі тұрақты өзгерістер, мұғалімдер мен оқушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім берудегі цифрлық технологиялар.