2015 жылғы қаңтардың 20-да «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы» атты мерейтойлық медалі бекітілді. Бұл награда елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан үшін республиканың және шет мемлекеттердің азаматтарына беріледі. Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету, Ассамблея рөлін жоғарлату, бейбітшілік пен келісім бойынша қазақстандық тәжірибесін насихаттау және Қазақстан халықтары мен басқа мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.
Ескараева Марина Михайловна «Көгілдір желкен» білім беру желісінің бас директоры Қазақстан Республикасының жеке меншік білім берудің бастауында тұрды, ширек ғасырдағы табысты қызметінің арқасында үздіксіз білім берудің бірегей білім империясын құрды. Бұл еліміздегі көптеген қалаларда балабақша, мектеп, лицейлер, гимназиялар,мектепалды академиялар, сауықтыру резиденцияларының өз инфракструктурасы дамыған желісі. Ол қайырымдылықпен айналысады және оны балалардың денсаулығына қатысты сұрақтар, демалыстарын ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, психологиялық көмек көрсету, жан-жақты дамыту мәселелері алаңдайды.
Бүгін Алматы қаласының Әкімі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы салтанатты атмосферада Ескараева Марина Михайловнаға « Қазақстан халқының Ассамблеясының 20-жылдығы» атты үкімет наградасын тапсырды.
Педагогикалық ұжым, қызметкерлер, тәрбиеленушілер Марина Михайловнаны жоғары наградамен құттықтап жатыр!