«Көгілдір желкен» білім беру мекемесінде «Мектебім, сағат мың алғыс!» атты соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. 9 және 11 сынып түлектерді барлық оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері үлкен қошеметпен қарсы алды. Бас директор Ескараева Марина Михайловна оқушыларды, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, емтихандарды сәтті тапсыруларын тіледі. Ол оқушыларға, балабақша тәрбиеленушілеріне , педагогикалық ұжымдар мен ата-аналарға «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Мұғалімдер түлектеріне жылы лебіздерін білдіріп, туған мектебін ұмытпауды тіледі. Ал түлектер ұстаздарға мейірімді қарым-қатынас, қамқорлық пен шыдамдылық, керемет білім бергендері үшін алғыс айтты. Қуаныш пен салтанатты мерекелік атмосфера әрбір адамның жүрегіне еніп кетті. Бүлдіршіндер түлектерге тамаша билер мен әндер сыйлады. Барлық түлектер қолға қоңырау алып, кетіп бара жатқан балалық шақпен қоштасып, соңғы қоңырау соқты. Алда оқушылар мен түлектерді білімдері мен қабілеттерін көрсететін қорытынды емтихандар, сынақтар күтеді. Ал біз балаларымыздың емтихандарды сәтті тапсыратынына сенімдіміз.