«Көгілдір желкен» білім беру балабақшалары мен балалар академиясында оқу жылы аяқталды. Әрине балалар жазғы уақытта балабақшаларға баруды жалғастырады. Бірақ мектепке дейінгі дайындық топтардың балалары балабақашамен қоштасады. Балабақшамен қоштасу – бұл мектепке дейінгі балалық шақпен қоштасу ғана емес, сонымен бірге болашақ мектеп өміріне алғашқы саналы қадам. Оларды бірінші сынып күтіп тұр! Алда жаңа оқу кезеңі және жаңа білім жолдары ашылады. Көптен күткен және қызықты мерекелер салтанатты және қызықты өтті. Ақылды, ізденімпаз, креативті, көңілді ұлдар мен қыздар би билеп, ән шырқады, құттықтаулар қабылдады, өз тәрбиешілері мен ата-аналарына жылы сөздер айтты. Біздің мектеп жасына дейінгі балалар үшін алғашқы бітіру кештері мейірімді, сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, қуанышқа толы болды. Сүйікті біздің түлектер! Алда үлкен шытырман оқиғалар, жаңа білім, қызықты ұмтылыстар мен керемет жетістіктер күтіп тұр! Сендерге мектеп өмірінде керемет жаңалықтар, адал достар болғанын тілейміз! Құрметті ата-аналар! Ынтымақтастық, түсіністік және күнделікті қолдау үшін рахмет!
Алматы, Астана, Атырау, Щучинск қалаларындағы
«Көгілдір желкен» балабақшалары