«Көгілдір желкен» білім беру мекемесі елорданың Білім басқармасымен және 12-жылдық білім беру жүйесі мен ағылшын тілін қолдау Орталығымен бірлесіп ҚР Білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы эксперименттік мектеп оқушыларымен кездесуін өткізді.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепалды және орта білім Департамент директоры Жантаева Жаныл Алпамысқызы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясының президенті Жылбаев Жанбол Октябрұлы, елдорда Білім Басқармасының директоры Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы, академияның қызметкерлері, 12-жылдық білім беру жүйесі мен ағылшын тілін қолдау Орталығының қызметкерлері, эксперименталды 8 мектептің директорлары, мұғалімдері, оқушылары қатысты. («Көгілдір желкен» ББМ, №№3,4,16,18,32,35,38)
Фойеде «Экспериментке 10 жыл» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде елорданың 12-жылдық білім беруге көшу бойынша экспериментке қатысқан әрбір мектептің жұмыс нәтижелері ұсынылды.
Жиынға қатысушыларды бірінші қабатта Алматы қаласының вокалды-аспаптық ансамблінің жігіттері, ал екінші қабатта Астананың музыкалық студияның домбыра ансамблі қарсы алды.
Вице-министр Есенғазы Нұртөлеуұлы өз сөзінде атап өткені, еліміздегі 11 жыл бұрын басталған 12-жылдық білім беруге көшу эксперименті орта білім жүйесін жаңғыртудағы тарихы оқиға: кредиттік оқыту технологиялары мен тұлғаға бағытталған жаңа буын оқулықтардың апробациясы.
Жиынға қатысушыларды «Көгілдір желкен» білім мекемелер желісінің бас директоры Ескараева Марина Михайловна қарсы алды. Ол эксперименттік форматтағы жағымды жақтарымен және қиындықтарымен бөлісті. Қиындықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясымен, елорда Білім басқармасымен бірлесе жедел түрде шешілді. Марина Михайловна эксперименттік сыныптың табысты көрсеткіштері оқушылар мотивациясының жоғарлауымен және педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігімен анықталатынын атап өтті.
№3,4,32 мектеп оқушылары оқу нәтижелері мен қиындықтары туралы шабытпен айтты. «Көгілдір желкен» 11-ші сынып оқушылары «Менің таңдауым – болашақ білім» атты қызықты экскурс көрсетіп, бүгінгі тарихы эксперименттің алғашқы және келешек қадамдарын еске алуға шақырды.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі «Бос микрофон» – бұл сәтте бар қатысушыларды мазалайтын сұрақтар қойылды, құзыретті тұлғалардан жауаптар алынды. Смағұлов Әділет пен Гарбуза Людмила Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне оқушылар құрған «Бірлескен шығармашылық» атты жарғысын тапсырды.