2013 жылғы 14 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н.Назарбаеваның жетекшілігімен кеңейтілген отырысы өтті, отырысқа «Blue sail — Голубой парус» білім беру мекемелері желісінің бас директоры М.М.Есқараева қатысты.
Отырыста «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі туралы» мәселе қаралды.
Марина Михайловна мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар жасап, қазіргі заманғы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мәселелеріне үнемі көңіл бөлгені үшін, Дариға Нұрсұлтанқызына «Сенім жұлдызы» белгісін табыс етті.