2016 жылғы маусымның 26- да Москва қаласы «Президент отель» ғимаратында «Көгілдір желкен» Білім беру желісінің бас директоры М.М. Ескараева салтанатты рәсіміне қатысып, білім беру саласында еңбек сіңіргені үшін «Еуразиялық Мемлекеттер Одағының құрметті азаматы» орденімен, құрмет грамотасымен марапатталды.
Еуразиялық Мемлекеттер Одағының құрметті азаматы – бұл әлеуметтік-экономикалық жобаға қатысушылардың қоғамдық наградалар мен атақтар беру жөніндегі халықаралық ұйымдастыру комитетінен алған жоғары қоғамдық наградасы. Жобаға қатысқан азаматтарға эксперттік кеңесінің нәтижелері бойынша аталған награда тапсырылады. Бұл жоба әртүрлі экономикалық саладағы нақты профессионалдарды, талантты, шығармашыл, ғылыми қызметкерлерді, бизнесмендерді, спортсмендерді, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарды, ізденіс, бағалау, тарату мен озық тәжірибелерді тауып насихаттау мақсатымен ұйымдастырылды.