Бүгін «Голубой парус» тәрбиеленушілері Астана қаласының Әкім орынбасары Балаева Аида Ғалымқызын қарсы алды. Аида Ғалымқызы парустың өмірімен, педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесімен, әдістемелік инновацияларымен және авторлық оқу бағдарламаларымен, 12-жылдық білімге көшу эксперименттік жұмысымен, балабақша-гимназия кешенінің аясында сабақтастық сұрақтарымен, балалардың әлеуметтік сұрақтарымен, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерімен танысты. Мектеп Ассамблеясында оқушылар мен тәрибеленушілер Аида Ғалымқызын жылы сәлеммен қарсы алды. Әкім орынбасары Балаева А.Ғ. Ассамблея қатысушыларына шығармашылық табыс және «Голубой парустың» өркендеуін тіледі. Кездесу соңында Ескараева Марина Михайловна балалармен бірге Балаева А.Ғ-на парустың ерекше марапаттау «Алтын сенім жұлдызын» табыс етті.