2008 жылдың 20-22 ақпанда елорданың Конгресс-холл сарайында Білім және ғылым министрлігінің және Астана әкімдігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың білімі мен ғылымы» атты 5-ші халықаралық көрмесі ашылды. Үш күн аралығында «Голубой парус» ББМ өз экспозициясын ұсынды. Қатысу мақсатымыз – мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру саласындағы жетістіктерді, оқытудың заманауи технологияларын, жаңа ұрпақтың авторлық оқу әдістемелік кешендерін көрсету, сондай-ақ оқу үдерісіне мультимедиялық және электронды оқулықтарды енгізу.
Білім берудегі және ғылыми зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктерге шолудың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Пралиев Серік Жайлауұлы Елбасының халыққа Жолдауында айтылған идеяларды жүзеге асыру тұрғысынан бұл көрмені ұйымдастырудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Қазақ халық жазушысы Мұхтар Шаханов отандық және шетелдік оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың әзірлемелерімен , үздік университет басылымдарымен және заманауи ақпараттық ғылыми технологиялармен танысты. Экспозициямыздың тұсаукесеріне келген құрметті қонақтар бізді жоғары бағалады. «Голубой парус» бас директорымен бір топ үздік оқушылары гимназиясының жетістіктерін көрсетті: кең ауқымды оқу- көрнекілік құралдары мен автрлық оқу бағдарламалары, оқу- әдістемелік кешендері. Академик Мұхтар Шахановтың сауалдарына балалар абыроймен жауап берді. Түймебаев Ж.Қ. көрмеге қатысу және жетістіктерді таныстыру прогрессивті фактор болып табылатынын және гимназиямыздың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.