2014 жылғы 1-3-ші қазан аралығында Минскіде ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің 3 –ші съезі өтті. Беларусь астанасында өткен форумға Достастық елдерінен мұғалімдер, тәрбиешілер, әдіскерлер қатысты. Форумның салтанатты ашылу рәсімі Ұлттық кітапханада өтті.
Делегаттар талқылаған негізгі тақырып – «Білім сапасын арттыру факторы ретінде ТМД елдерінің ұлттық білім беру жүйелерінің өзара әрекеттесуі». Пленарлық отырыстарда және секциялық талқылауларда мұғалімдер тиімді білім беру технологияларын енгіізу бойынша тәжірибе алмасып, білім берудегі менеджмент сұрақтарын қарастырды. Беларусь Президенті Александр Лукашенко ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің 3-ші съез қатысушыларына сәлемін жолдады. Оның сөзінде «Осындай форумдарды өткізу игі дәстүрге айналды және сіздердің мамандығыңыздың қоғамдағы мәртебесінің жоғарылығының, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздың ерекше рөлін мойындаудың дәлелі болды»- делінген.
Ескараева Марина Михайловна Минскдегі мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің 3-ші съезіне Алматы қаласының ұстаздар құрамының делегаты болып, секциялық талқауларға белсене қатысты. Бұл талқылау барысында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің әртүрлі аспектілері, физикалық және психофизикалық дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, педагогикалық кадрларды дайындығының сапалы деңгейі туралы мәселелері қарастырылған. «Голубой парус» 20 жылдан астам табысты жұмыс барысында мектепке дейінгі және орта білім беру саласында бай тәжірибе жинақтады. Ол 12-жылдық білім беруге көшудің мемлекеттік эксперименталды алаңы болып , Білім және ғылым министрлігінің эксперименттік алаңы болып ағылшын тілі мен информатиканы ерте жастан бастап оқыту және информатизация бойынша оқулықтардың жаңа буынын сонымен қатар электронды оқулықтарды сынақтан өткізіп, оқытудың әдістемелік құралдарын, авторлық бағдарламаларын, көп көңіл талап ететін балаларға арналған жеке бағдарламалар және комплекстер мен электронды бағдарламалар құрастырды. Съез делегаттары форум Достастық елдері мұғалімдерінің жемісті ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін бергеніне сенімді.