15-19 қараша аралығында Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение институтында «Питер КиТ» 17- ші халықаралық студенттік кинофестивалі өтті. Биыл Фестиваль ашық мәртебеге ие болды. Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение институтымен ынтымақтастық аясында «Голубой парус» ББМ бас директоры Ескараева Марина Михайловна халықаралық кинофестивальге әділ-қазылар мүшесі ретінде шақырылды. Конкурстық бағдарламаларға ресейлік және шетелдік киномектептердің студенттерінің оқу үдерісі аясында жасаған жұмыстары қатысты.