2019 жылғы маусымның 7-де Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Әлеуметтік –мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Б.С. Айтимова және Комитет мүшесі С.М. Ершов Астана қаласы «Көгілдір желкен – Blue sail- Голубой парус» Білім беру кешеннің Қазақстан Республикасы «Білім туралы Заң» талаптарының орындалуын тексерді.
Қазақстан Республикасы Парламент Сенат Депутаттары Б.А.Айтимова мен С.М.Ершов оқу-тәрбие беру кешенімен танысып, оқу бағдарлама мен басты бағыттар бойынша «Көгілдір желкен» даму орталықтарына барды , ғылыми, көптілді, спорттық кафедра, лаборатория, шығармашылық шеберханаларды көріп, гимназияның көшбасшылар Кеңесімен кездесті, «балабақша-мектеп» сабақтастығы бойынша 6 жасар балалардың сабақтарына барды.
Бұл күні өте маңызды әлеуметтік сұраныс бойынша 9 айлық балалар үшін жаңа топтың ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Бас директор М.М. Ескараеваның айтуы бойынша кіші топтың ашылуы – мектепке дейіңгі білімнің бас мақсаты. Марина Михайловнаның атап өткені,әр баланың жан-жақты дамуына бар жағдайлар жасалды.